Биыл Ақан Серіге 180 жыл толады. Ақын, әнші және композитор Ақмола облысының аумағында дүниеге келген. Атаулы күнге орай бүкіл ел бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде.
1 тамыз күні аудандық кітапхананың кітапханашысы М. С. Амержанова "Аютас" балалар сауықтыру лагерінде "Ақан серінің дала рапсодияларының поэзиясы" атты әдеби-музыкалық сюжет өткізді.
Іс - шараның мақсаты - Ақын сері Қорамсаұлының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру.
Жүргізуші Ақан сері – сегіз қырлы, бір сырлы, ұлы талант иесі, ол жәй ғана ақын емес, әнші – ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада орындағаны туралы айтып берді.
01.08.2023
Қараулар: 177