Бүгін аудандық кітапхана — аудандағы ең ірі кітапхана.
Оның қоры 24 мың дана баспа өнімдерін, электронды материалдарын және 50 аса газет пен журнал атауын құрайды.
Жыл сайын кітапхана қызметтерін 3 мыңнан аса адам пайдаланады. Оларға 77 мыңға жуық басылым беріледі. Келім саны жылына 39 мыңды құрайды.
Оқырмандар қызметіне абонемент және оқу залы қорлары, Интернет қызметтері.
Кітапхана тұсында Құқықтық ақпарат орталығы, Оқу Орталығы, Төзімділік орталығы, Өлкетану орталығы, «Кітап 03» патронаждық қызметі, Коворкинг орталығы, қазақ тілдіндегі әдебиет секторы, қызығушылық бойынша клубтар жұмыс істейді.
Кітапхана 12 компьютермен, түрлі-түсті және лазерлік принтерлермен, КҚҚ, теледидармен, проектормен жабдықталған. Факс пен телефон бар.
Интернетке шығу, электронды пошта, сайт бар.
Республикалық бағдарламаның екі модулі қолданылады: каталогизатор модулі және тапсырыс-іздеу. 2007 жылдан электронды каталог жүргізіледі, жазбаның жалпы саны – 20392.
Аудандық кітапхана келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді:
ОАК құрылымында 5 орталық және пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша 1 сектор, кітапхананың өндірістік қызметін қамтамасыз ететін 3 бөлім.
Әдістемелік-библиографиялық бөлім
Бөлім әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және кітапхана бөлімдеріне және ауылдық кітапханаларына кітапханалық және ақпараттық жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетеді, нормативті және регламент құжаттарын өндейді, кітапхана қызметі туралы статистикалық деректердің құрама кестесін құрайды, жоспарларды және әдістемелік ұсыныстардың орындалуын бақылайды, кітапханалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді, жұмыстың инновациялық әдістерін таратады.
Оқырмандарға анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кітапханалық қызметкерлердің біліктілігін және жалпы білім деңгейін арттыру — бөлім жұмысының басты бағыттарының бірі. 7 жылдан аса бөлім тұсында «Кітапханалық білім басы» жас кітапханашылар мектебі жұмыс істейді. Мұнда жаңа қабылданған жұмысшылармен оқыту іс-шаралары өтеді. Кітапханалық қызметкерлерді оқыту бағдарламасы ең алуан түрлі нысандарды қарастырады: тренингтер, іскерлік ойындар, мастер-кластар, Шығармашылық бастама күндері, семинар-практикумдар, Іскерлік қарым-қатынас күндері.
ӘББ тұсында әдістемелік кеңес жұмыс істейді, ол ауылдық кітапханалар жұмысын талдайды және бағыттайды. Тексеріс және жұмысты бақылау, қажетті көмекті көрсету мақсатымен ауылдық кітапханаларға бару үнемі ұйымдастырылады.
Толықтыру және әдебиеттерді өндеу бөлімі
Бөлім РАБИС автоматтандырылған кітапханалық ақпарат жүйесі негізінде басылымдарды және басқа құжаттарды толықтыру,жүйеге келтіру және каталогизация процестерін жүзеге асырады, қорды ғылыми-дәлелді, толық, шұғыл толықтыруды және оны оқырман сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында кітапхананың дәстүрлі және электронды каталогтар жүйесінде ашуды қамтамасыз етеді.
Толықтыру және қорды өндеу бөлімі ОАК және орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің қорын толықтыруды жоспарлайды, ағымды толықтыру басшылығын жүзеге асырады, анықтамалық аппаратты жүргізуді бақылайды, қорды есепке алу және өндеуді ұйымдастырады, мазмұны бойынша ескірген және көне кітаптардан қорды тазартуды қамтамасыз етеді.
Қызмет көрсету бөлімі
Қызмет көрсету бөлімі тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және кітап қорының сақтамдылығы үшін жауапты.
Абонемент – қызмет көрсету бөлімінің оқырмандар үшін ең кең таралған және ыңғайлы бөлімшесі, ол әдебиетті үйде пайдалануға мүмкіндік береді.
Абонемент қорында қазіргі ғылыми– танымал, оқу, көркем әдебиет ұсынылған.
3 мыңға жуық қала тұрғыны жыл сайын «Абонемент» қызметімен пайдаланады. Абонемент мында келгендердің барлығын қонақжайлылықпен қарсы алады.
Абонемент қорлары оқырмандардың қол жеткізуіне еркін. Абонементте тарих, саясат, экономика, құқық, философия бойынша әдебиеттерді өз бетінше тандай алады.
Абонементте әрбір адам жылулық, мейірімділік және ықылас атмосферасында қажетті кітапты табуға барлық жағдай жасалған.
Қазақ тіліндегі әдебиет секторы: оқырмандарда қазақ халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін үйренуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға көмектесуге, қазақ тілін меңгеруге және сақтауға талаптануға, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге бейімделген.
Қызметтер:
Сектор тұсында «Көкжиек»( қазақ тілінен аударғанда «Горизонт») клубы жұмыс істейді. Клубты ұйымдастыру мақсаты — бұл туған тілде қарым-қатынас жасау, ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға телу. Клуб туған тілде оқуға және қарым-қатынас жасауға ниет білдіргендердің барлығын біріктіреді.
Оқу залы — өз қорын барлық пайдаланушыларға ұсынады,ол оқу, шығармашылық, кәсіби және бос уақыттағы мақсаттар үшін қажет. Мұнда өлкетану әдебиеті, энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалар жиналған.
Оқу залы мерзімді басылымдарда бар ең өзекті және шұғыл ақпаратқа ие. Жыл сайын мұнда оқырмандардың әр түрлі санаты үшін білімнің көптеген саласы бойынша 20 газет және журнал атауы түседі.
Оқу залында ең өзекті тақырыптар бойынша кітап көрмелері тұрақты жұмыс істейді, көпшілік оқырман үшін көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
«Краеведение учит любить нетолько свои родные места, ноучит знанию оних,
приучает интересоваться историей, искусством, литературой,
повышать свой культурный уровень».
Академик Д.С.Лихачёв
«Сен жердің бір бөлшегісің» өлкетану орталығы
Мақсаты – өлкетану білімін насихаттау және оқырмандарда өзін шағын Отанының тарихына қызығушылықты тәрбиелеу, патриоттық сезімді қалыптастыру.
Өлкетану орталығының қоры:
Өлкетану бойынша 1300 аса дана (соның ішінде дәстүрлі баспа басылымдары, электронды түрде құжаттар, аудио, бейне материалдар). Қордың құрамында аудан туралы шығармалар ғана емес, олардың басылым орнына және жариялау тіліне тәуелсіз біздің жерлестердің кітаптары да бар.
Табиғат, тарих, әдебиет, өлке мәдениеті туралы іріктеп алынған материалдар кіретін 10 аса тақырыптық досье.
Орталық қызметтері:
Коворкинг-орталығы
ОАК-да коворкинг-орталығының пайда болуы интернет-кеңістігіне бөленуге мүмкіндік берді, олсыз қазіргі жастар өмірлерін елестете алмайды.
Бізде жұмыс аймағы мен дем алу аймағы бар. Еркін қол жетімді кәсіби және анықтамалық-энциклопедиялық әдебиетпен ашық, жайлы оқу залы.
Жұмыс аймағында компьютермен, ноутбукпен, КҚҚ және Интернет шығумен жабдықталған үш жұмыс орны бөлінген
Проектормен аймақта мастер-класс немесе оқыту курсын ұйымдастыруға болады. Білім семинарларын және тренингтерді өткізу. Бизнес жүргізу және бизнес-моделдерін құру бойынша консультациялар өткізу.
Барлық кеңістіктер нақты іс-шара немесе адамдар топтарының қажеттілігі үшін еркін өзгертіледі. Коворкингке келушілер жұмыс істеу, оқу, интернетті қолдану, тренингтер өткізу, компьютерлік сауаттылық курстарына, мастер-кластарға бару, әдеби кештер және басқа іс-шаралар өткізу мүмкіндігіне ие.
Құқықтық ақпарат орталығы (ҚАО)
Мақсаты — азаматтарда құқықтық білімді, заңды тәртіп дағдысын, құқыққа құрметпен қарауды қамтамасыз ету мақсатында құқықтық ақпаратқа азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету және азаматтарды құқықтық ағарту бойынша іс-шараларды өткізуге көмектесу.
ҚАО міндеті: пайдаланушыға құжатты және оны қызықтыратын ақпаратты шұғыл, нақты, толық ұсыну; пайдаланушыларға шұғыл және сапалы кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету:
Орталықта ресми құжаттардың және заң әдебиетінің қоры 500 аса кітаптар мен кітапшаларды есептейді. Мерзімді басылымдар «Собрание актов Президента РК и Правительства РК», «Правительственный бюллетень», «Право», «Зан» журналдарымен, «Официальная газета» газетімен ұсынылады.
Бүгін ҚАО — тұрғындарға құқықтық ағартумен айналысатын қызмет көрсетудің әр түрлі тәртібінде пайдаланушыларға ақпараттық– библиографиялық қызмет көрсетуді жетелейтін кітапхананың көп қызметті, құрылымдық бөлімшесі. Ақпараттандырудың басым түрлері болып табылады: құжаттардың ағымды түсуі туралы ақпараттандыру; ақпараттық және библиографиялық құралдарды дайындау, ақпараттық және библиографиялық іс-шараларды өткізу.
ҚАО тұсында Құқықтық білім мектебі жұмыс істейді.
«Кітап. Мәдениет. Төзімділік» төзімділік орталығы
Мақсаты: жастарда төзімділік құндылықтары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру; әлемнің төзімділік және мәдениет идеяларын алға жылжыту, сонымен қатар этникалық және әлемнің мәдени алуан түрлілігі туралы білімді кеңейту.
Төзімділік орталығының басты міндеті — адам құқығын, төзімділік және ізгілік идеяларын насихаттау, төзуге болмайтын және дұшпандыққа, әлеуметтік және діни келіспеушілікке, жатсынушылыққа, зорлыққа және экстремизмге қарсы тұру бойынша ағарту қызметі.
Орталық жұмысының негізгі бағыты — бұл тақырыптық кештер, конференциялар, кездесулер өткізу арқылы тұрғындар арасында ақпараттық, мәдени-ағарту жұмысы, сонымен қатар төзімділік мәселелері бойынша қорды қалыптастыру.
Оқу орталығы
Мақсаты: кітапхана пайдаланушыларының оқырмандық белсенділігін және мәдениетін арттыру, кітаптың қоғамдық маңызды мәртебесін қалыптастыру, оқуға тұрғындардың ең әр түрлі санаттарын тарту.
Міндеттер:
Оқу орталығының қызметі кітап және оқуды алға жылжыту бойынша кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелерінің құрама жұмысын ұсынады. Орталық жұмысы көпшілікке бағытталған және оқуға тарту бойынша арнайы нысандарының және әдістерінің алуан түрлі палитрасын ұсынады: ірі ұзақ мерзімді оқырман науқанынан әдеттегі кітап көрмелеріне дейін.
Орталық алдында қойылған міндеттер кітап және оқуды алға жылжыту бойынша жаңа қызықты шешімдерді іздеуде тұрақты болуға мәжбүр етеді, кейбір табыстар дәстүрлі белгі алады.
Мақалың шыққан күні: 24.05.2019 14:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2019 10:40