«Шал ақын ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
Кітапхана—бұл кітап құмарлардың әрқайсысына ашық тұтас әлем. Бұл рухани орын, онда әрқашан қажетті кітапты ұсынатын, ал егер қажет болса күнделікті кеңес беретін адам, кітапханашыны кездестіресін.
Кітапхананың маңызды міндет тапсырмасы:
Әр түрлі санаттағы оқырмандардың жан-жақты тұлғалық, кәсіби, мәдени және білім сұранысын толық қанағаттандыру, аймақтың ғылыми және мәдени дамуына көмектесу.
Кітапхананың негізгі қызметтері:
Шал ақын ауданы кітапханасының басымдылық міндеттерінің арасында:
Тарихи анықтама
Құрылған жыл — 1935 жыл наурыз.
Құрылған орны – Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Марьевка селосы.
2004 жылдан тұрғылықты орны. Шал ақын ауданы, Быковский көшесі, 4 үй.
Мекеме екі қабатты ғимаратта, жалпы көлемі 498 кв.м.
2012 жылдың мамырынан «Шал ақын ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-і ауданның барлық мемелекеттік кітапханаларын біріктіретін бір кітапханалық коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істейді, 2012 жылдың 14 наурызындағы 58 нөмірімен Шал ақын ауданы әкімдігінің Қаулысы негізінде құрылды.
Шал ақын ауданының Орталық аудандық кітапханасы бұрынғы Марьевка аудан орталығында болған Марьевка кітапханасының орнын басушы болып табылады. Кітапхана 1935 жылы құрылды.
1964 жылы аудан ортылығын Сергеевкаға көшірді, сәйкес кітапхананы да ауыстырды. Ол көп пәтерлі тұрғын үйде, қарапайым пәтерде орналасты. Содан кейін кітапханаға кең ғимарат берілді, бірақ тұрғын үйде. Мұнда кітапхана 1995 жылға дейін орналасты.
1978 жылдан ауданда көпшілік кітапханалар орталықтандырыла бастады. Кітапхана Сергеевка ОКЖ-нің Орталық аудандық кітапхана мәртебесіне ие болды. Каталогтар құрылды, кітап қорын және каталогтарды жаңа БКК ауысу аяқталды. Дублеттік және профильсіз әдебиет айырбастау-резервтік қорда жиналады. Толықтыру бөлімі, әдістеме бөлімі, сақтау бөлімі құрылады. Кітапханада библиобус болады.
1976 жылдан 1980 жылға дейін ОКЖ директоры Тысячная Нина Гордеевна болды.
1980 жылы Орталықтандырылған кітапханалық жүйенің директоры болып Фаина Юсуповна Соколова тағайындалды, ол 2007 жылдың желтоқсан айына дейін басқарды. 80-ші жылдары кітапхана жұмысы жанданады. Көптеген көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Кітап қоры белсенді толықтырылады. Кітапхана 140 аса газет пен журналдардың атауына жазылады. Кітапхана тұсында қызығушылық бойынша «Допризывник» және «Родник» клубтары жұмыс істейді. Ұйымдастыру және бір кітап қорын қолдану бөлімі және КАА ұйымдастырылды.
1985 жылы ауыл шаруашылық басқармасы тұсында ҒТА кабинеті құрылады. Маман күндері, Ақпарат күндері өткізіледі. СТА жүйесінде ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Осы кезеңде аудан орталығының кәсіпорындарында 14 жылжымалы ашылды. Аудан кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетіледі. Кітапханада автокөлік бар.
1993 жылы аудандық кітапхана жақсырақ бес қабатты тұрғын үй ғимаратына көшеді. Ғимарат үлкен, жарық, жалпы көлемі 400 кв.м. жуық. Мұнда барлық бөлімдер ыңғайлы орналасады. Абонемент, оқу залы жұмыс істейді.
1997 жылы кітапхана бұрынғы бала бақша ғимаратына көшеді. Ауданның кітапханалық жүйесі жойылды. Аудандық кітапхана балалар бөлімшесімен ауданда жалғыз кітапхана болып қалды.
1999 жылы ОКЖ қайта қалпына келтіру басталады. Аудандық кітапханада әдістеме бөлімі ашылады, жұмысшылар саны артады. 39 ауылдық филиал ашылады, балалар кітапханасы ОАК құрамынан шығады және дербес филиал болады.
2004 жылы кітапхана жаңа қалпына келтірілген екі қабатты ғимаратқа ие болады. Қазақ әдебиеті секторы, іскерлік ақпарат кабинеті ашылады. Кітапханада компьютер, ксерокс, сканер, факс бар. Интернетке шығу бар.
2005 жылдан кітапхана Шал ақын ауданының «Орталық аудандық кітапхана» ММ-сі заңды тұлға мәртебесін алды.2012 жылдың мамырынан «Шал ақын ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ.
2008 жылдың сәуірінен 2013 жылдың желтоқсанынан дейін ОАК директоры болып Шевченко Надежда Михайловна жұмыс істеді. Кітапханада жаңа қызметтер құрылды: Құқықтық ақпарат орталығы, Жастар ақпараттық қызмет – ЖАҚ, Оқу орталығы, «Кітап 03» патронаждық қызмет, «КБТ» кітапхана студиясы, «Калейдоскоп», «Көкжиек», «Тусовка» қызығушылық бойынша клубтар жұмыс істейді. Проектор, түрлі түсті принтер алынды.
Мақалың шыққан күні: 24.05.2019 14:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2019 14:17