2025 жылғы 10 шілде күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында жастар ресурстық орталығының қатысушылары үшін ұйымдастырылған «Жаратылыстану ғылымда рының қиылысында» атты танымдық викторина-ойыны өтті. Іс-шараны кітапханашы Ж.Н. Аубакирова жүргізді.Шараның мақсаты – жастардың дүниетанымын кеңейту, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін оятып, ғылымға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Қатысушылар ойынға белсене атсалысып, физика, биология, химия, география және басқа да жаратылыстану салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Адам өміріндегі және қоғам дамуы жолындағы жаратылыстану ғылымдарының маңызы туралы танымдық бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың көкжиегін кеңейтіп, кездесудің интерактивті бөлігін тамаша толықтырды.Іс-шараға орай «Бәрін білгім келеді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда энциклопедиялар, ғылыми-көпшілік басылымдар, жаңалықтар мен табиғаттың кереметтері туралы кітаптар қойылды. Көрме қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.Викторина достық әрі зияткерлікке толы атмосферада өтіп, ғылым әлемінің жаңа көкжиектерін ашуға тамаша мүмкіндік болды.
10.07.2025
Қараулар: 115