«Бала құқығы: көнеден бүгінгі күнге дейін» тарихи саяхат

Аудандық кітапханада «Бала құқығы: көнеден бүгінгі күнге дейін» атты тарихи саяхат өткізілді. Кітапханашы М.С. Әміржанова балалардың әртүрлі тарихи мәдени кезеңдерге деген қарым-қатынасын қарастырды. «Саяхат» барысында кітапханашы Ұлы Француз революциясының тарихи сәтіне тоқтап, бүкіл өркениетті әлемдегі балалардың мәртебесін өзгерткен баланың құқықтары идеясы пайда болғанын атап өтті. Саяхатқа қатысушылар әр кезеңнің ерекшеліктерімен және 19-20 ғасырдағы бала құқықтарын қорғауды кеңейту барысымен танысып, оның негізгі оқиғасы БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясының қабылдануы болғанын түсіндірді.

Қорытындылай келе кітапханашы барлық мемлекеттер балалардың құқықтарын қорғауды өз жауапкершіліктеріне алғандықтары да сөз болды. Қазақстан Республикасында бала құқығы ҚР Конституциясына енгізілді. Тарихи саяхат барысында «Бала құқығы институтының құрылу тарихы» атты слайд көрсетілді. Іс-шараға «Балалық шақты қорғау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

09.09.2021

Қараулар: 313