25 шілде Шал ақын ауданының кітапханасында «Курс — сыбайлас жемқорлықсыз» әңгіме – навигация өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бүкіл қоғамның, атап айтқанда әрбір адамның ісі екенін түсіну.
Іс-шара барысында библиограф К.Ж. Аманжолова қатысушыларға "сыбайлас жемқорлық" сөзінің нені білдіретінін, оның мағынасы, мазмұны мен көріністері, онымен қалай күресу керектігі және үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы айтып берді.
Библиографпен бірге балалар параның не екенін, параның сыйлықтан қалай ерекшеленетінін, қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың экономикалық даму мен әлеуметтік әділеттілікке қалай әсер ететінін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және анықтау жолдары туралы біле алды. Содан кейін Қайырбай Жаркенқызы кітапхана қорынан табуға болатын құқықтық аспектілерге, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған кітаптар туралы айтып берді. Іс-шараға " Адал өмір сүру керек!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында олар ар-ұжданмен өмір сүру және болашақта адал адамдар болу және заңды сақтау керек деген қорытындыға келді.