Шал ақын ауданды аудандық кітапханада "Бұл дүние есірткісіз жақсы, өйткені.." атты квилт — акция өтті. Іс-шараның мақсаты жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық және интерактивті қатысу арқылы зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Іс-шараға аудандық прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының белсенділері қатысты. Акция барысында қатысушыларға есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша өз ұстанымдарын білдіру ұсынылды — әрқайсысы жеке парақшаға "Бұл әлем есірткісіз жақсы, өйткені ол.." деген сөздің жалғасын жазды.
Барлық мәлімдемелер символдық "өмір кенепіне" — жастардың жарқын және салауатты болашаққа деген шынайы ойларының, үміттері мен ұмтылыстарының көрінісі болған көрпеге біріктірілді. Іс-шара есірткінің зияны туралы әңгімемен, өмірлік құндылықтарды талқылаумен және профилактикалық сипаттағы роликтермен сүйемелденді.
Акция қатысушыларды тәуелділіксіз денсаулық пен өмірді сақтау мақсатымен біріктіріп, жылы, сенімді атмосферада өтті.