«Өз ғасырының ақыны» әдеби айлағын

4 шілде күні аудандық кітапхананың алдындағы қала саябағында кітапханашы Әміржанова М.С. «Көкжиек» клубының мүшелерімен қазақтың шыншыл ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Өз ғасырының ақыны» атты әдеби айлағын өткізді. Кітапханашы іс-шараға қатысушыларды ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М. Шахановтың өмірбаянымен, шығармаларымен таныстырып «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңін оқып берді. Клуб мүшелері Таскенова К.Қ., Шәріпова Қ.Н., Тасмағанбетова Б.Ш., Асылбекова М.,Аманжолова Қ.Ж. ақынның танымал «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик» әндерін шырқады. Іс-шараға «Ақиқаттың ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

04.07.2022

Қараулар: 213