Төртінші маусым ҚР рәміздері күніне арналған "Жаңа дәуір рәміздері" атты саяси танымды аудандық кітапхана мен өлкетану музейінің қызметкерлері өз оқырмандары мен келушілері үшін музейде өткізді. Іс-шараға аудандық архив қызметкерлері, Шал ақын ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: ҚР рәміздері туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара ҚР-ның әнұранын орындаудан басталды.
Кітапханашы Д.Р. Сағымбекова мерекенің тарихы туралы айтып, тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі өз Туын, Елтаңбасын және Әнұранын табу екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімеде кітапханашы символдық мән берілген мемлекеттік ту мен елтаңбаға боялған фигуралар мен заттардың үйлесіміне егжей-тегжейлі тоқталып, іс-шараға қатысушыларға рәміздер авторлары мен олардың шығу тарихы туралы еске салды. Кітапханашы шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталатынын атап өтті.
Қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Ұ.П.Молдахметова «Менің елімнің рәміздері» өлеңін оқыды.
Жүргізуші «Рәміздердің білгірлері» викторинасын өткізді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді. Іс-шара барысында "Тарихтан туған рәміздер"көрмесіне шолу жасалды.
Қорытындылай келе, кітапханашы Қазақстандық мемлекеттік рәміздер тек көркемдік бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеяларының хабаршылары екенін атап өтті.
04.06.2024
Қараулар: 494