16 қараша күні Шал ақын аудандық кітапханасында қызметкерлер үшін «Электронды каталог арқылы ақпаратты іздеу» атты тәжірибе сабағы өткізілді. Іс-шараны толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Т.Е.Сақтанова өткізді. Тана Есләмқызы электронды каталогтың іздестіру мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Бөлім меңгерушісі Сәбит Мұқановтың, Герольд Бельгердің кітаптарын іздеу үшін ақпарат келтіріп көрсетті. Тәжірибе сабағы барысында кітапхана қызметкерлері кітапхананың электронды ресурстарын пайдалану тиімділігі туралы білімдерін кеңейтіп, тәжірибе ала алды.
16.11.2021
Қараулар: 225