Отан Қорғаушылар күні қарсаңында аудандық кітапханада "Өткен заманның батырлары туралы" ерекше өмірбаян кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: патриоттық сезімдерді нығайту, өз елінің тарихын және оның қорғаушыларын өткенді де, бүгінді де құрметтеу.
Жүргізуші кітапханашы Д. Р. Сағымбекова оқушыларға Ұлы Отан соғысы майдандарында соғысқан Қазақстандықтардың ерліктері, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында тұрған қорғаушылар туралы айтып берді.
Әр түрлі тарихи дәуірлерде туған жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанқиярлықпен күрескен аңызға айналған батырларға — халық батырларына, қорғаушы жауынгерлерге ерекше көңіл бөлінді. Қобыланды батыр, Райымбек батыр, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова және басқа да атақты қазақтардың өмірбаяндары айтылды, олардың есімдері қазақ халқының шежіресіне алтын әріптермен жазылған.
Кеш аясында Кеңес Одағының аты аңызға айналған екі мәрте батыры, Ұлы Отан соғысының ұшқышы Талғат Бигелдиновке арналған кітапхана қорына келіп түскен «Он в небе был неустрашим» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Кездесуге қатысушылар ерлігі мен шеберлігі еліміздің тарихында мәңгі қалған ұшқыштың өмірі мен жауынгерлік өмірбаянының бірегей фактілерімен танысты. Балалар әскери тақырыптағы викторинаға белсенді қатысты.
Іс-шараға кітапханашы «Батырлық пен ерлік-мәңгілік ел ұраны», «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі » кітап көрмелерін дайындады.
05.05.2025
Қараулар: 1194