«Қара нанның тәтті дәмі» дастархан басындағы сторителлинг

13 қазан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында «Қара нанның тәтті дәмі» атты дастархан басындағы сторителлинг өткізілді. Іс-шараға қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары, кітапханашысы және мұғалімдері қатысты. Әңгіме барысында нанның адам өміріндегі қасиетті маңызы, нанға деген құрмет туралы айтылды. Кітапханашы Б.М.Галиева нанның дәннен нанға дейінгі тарихи жолы туралы әңгімелеп берді. Сторителлинг барысында қатысушылар нанның адам өміріндегі маңызы туралы біліп, нан өсіру процесімен, нанның дастарханға қалай келетіндігімен, адамдардың оны өндіруге қанша қажырлы еңбек жасайтындығымен танысты.

13.10.2021

Қараулар: 209