25 қараша күні Қазақстанда "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты акциясы басталды. Мұндай акциялар қоғамның назарын елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аударуға арналған. Осы акция аясында 28 қараша күні аудандық кітапханада "Зорлық – зомбылық-бұл қалыпты емес: хабардарлық пен көмектің маңыздылығы" атты іс-шара құқықтық сауаттылық сағаты өтті. Құқықтық сауаттылық сағатына құқық қорғау органдарының қызметкерлері полиция капитаны М.С. Махметова және жастар ресурстық орталығының маманы Д. Бөгенбаев шақырылды.
Іс-шараның мақсаты:отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Кітапханашы Ж. Н. Әубәкірова осы тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдарға түсінік берді. Үй шаруашылығындағы зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, атап өткендей, басқа отбасының бір мүшесінің немесе сол отбасының басқа мүшелерінің физикалық, эмоционалдық қорлауы ретінде анықталуы мүмкін. Зерттеулер бойынша физикалық қорлаудың негізгі құрбандары әйелдер мен балалар екенін көрсетеді. Іс-шарада күйеулердің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне басты назар аударылды.
М. С. Махметова түсіндіру жұмыстарын жүргізді, отбасылық-тұрмыстық қатынастардың құқықтық мәселелерін атап өтті, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған және жоспарланған іс-шаралар туралы айтты. Д. Бөгенбаев бұл мәселедегі тәрбие отбасынан басталатынын атап өтті. М.С.Махметова қатысушыларға отбасындағы тұрмыстық зорлық –зомбылықтан зардап шегуші, өзін-өзі құқықтық қорғауы жөніндегі туралы жадынамалар таратты.Іс-шараға «Бәленің бір жұтымы» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның соңында қатысушылар сүйіспеншілік пен түсіністік бар жерде зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген қорытынды жасады. Бізге жақын адамдармен сөйлесуді және тыңдауды үйрену керек.