Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына, Ленинград блокадасын босату күніне арналған "Ұлы Отан соғысының атаулары мен күндері" атты кітапханалық жобасы аясында, аудандық кітапхана қызметкерлері
Е. Шайкина атындағы мектебінде жоғары сынып оқушыларымен "Күресемін, сенемін, сүйемін" атты әдеби-поэтикалық сағатын өткізді.
Іс-шара барысында мерейтой иелерінің ақындары Ольга Берггольц (1910-1975), Александр Твардовский (1910-1971), Константин Симоновтың (1915-1979) әскери-патриоттық шығармашылығына тоқталдық.
Іс-шараның мақсаты: әскери шығармашылыққа деген қызығушылықты дамыту, Отан алдындағы борышын өтеген және ХХ ғасыр әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан, талантты және батыл адамдардың шығармашылығына назар аудару, соғыс жылдарындағы мәдениет пен өнердің маңыздылығын көрсету, патриотизм сезімін тәрбиелеу, өз халқының қаһармандық қайсарлығына деген жанашырлық сезімдерін ояту.
Кітапханашы Ж. Н. Әубәкірова соғыс жылдарындағы поэзияның маңыздылығы және тарихи естеліктерді сақтаудағы әдебиеттің рөлі туралы айтып берді. Ольга Берггольц, Константин Симонов және Александр Твардовскийдің шығармашылығының мәдени мұрасы,рухани төзімділік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналғаны туралы айтып өтілді.
Іс-шараға қатысушыларға "қоршаудағы Ленинградтың дауысы"деп аталатын Ольга Берггольцтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме ұсынылды. Оның азап пен үмітке толы өлеңдері оқылды, блокада кезінде радиодан сөйлеген аудиожазбалары тыңдалды.
"Ешкім ұмытылмайды, ештеңеде ұмыт болмайды "өлеңіне ерекше назар аударылды.Константин Симоновтың шығармашылығына сілтеме жасай отырып, әскери өмірбаяны, майдандағы махаббат пен адалдықтың символына айналған шығармаларды жасаудағы рөлі туралы айтты. Оның атақты "Мені күт" және "Есіңде ме, Алеша, Смоленск жолдары" атты өлеңдері оқылды.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Александр Твардовскийдің әскери поэзиясына қосқан үлесі, Василий Теркиннің бейнесін жасау және ақынның шығармалары, майдандағы сарбаздарға қалай көмектескені туралы білді.
Іс-шараға аудандық кітапхана "Естелік мәңгілік болсын" атты кітап көрмесі дайындады және де мерейтой иелерінің шығармаларын ұсынды.
Әдеби-поэтикалық сағат барысында оқушылар мерейтой ақындардың өлеңдерін оқып, оқығандарын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Балалар рухани-адамгершілік құрамдас бөлігінің арқасында, айтылған өлеңдер әлі де өзекті және әрқашан заманауи адамдардың жүрегінде резонанс тудыратыны туралы, ортақ пікірге келді.