21 ақпанда әлемнің әртүрлі елдерінде Халықаралық ана тілі күні атап өтіледі. Мереке 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясымен жарияланды және 2000 жылдан бері тойланып келеді.
"Неге ана тіліне көп көңіл бөлінеді? Өйткені тілдер адам шығармашылығының барлық алуан түрлілігінде қайталанбас көрінісін құрайды. Қарым-қатынас, қабылдау және ойлану құралы ретінде тіл әлемді қалай көретінімізді сипаттайды және өткен, қазіргі және болашақ арасындағы байланысты көрсетеді"
Халықаралық ана тілі күніне орай 19 ақпанда балалар кітапханасының қызметкерлері "Тілге құрмет - елге құрмет"акциясын өткізді. Іс – шараның негізгі мақсаты-балалардың назарын қазақ тілін сақтау мен дамытудың маңыздылығына аудару, сондай-ақ ана тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Акцияға Е. А. Бөкетова атындағы гимназия мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты.
Акция барысында жүргізуші ана тілінің әр адамның өміріндегі маңызы туралы айтып берді.Іс-шара соңында ана тілін сақтаудың маңыздылығы туралы ойлар айтылды.
Кітапханашылар қатысушыларға тіл туралы қазақ мақал – мәтелдерінен тұратын "Ана тілі – халық игілігі" – "Родной язык – достояние народа" буклетін табыс етті.
20.02.2025
Қараулар: 155