К. Салықов атындағы ЖОМнің жоғары сынып оқушыларына аудандық кітапхана қызметкерлері Алғыс айту күніне арналған іс – шара өткізді "Алғыс шын жүректен шығады" рухани қарым-қатынас сағаты. Бұл ерекше күн әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін игі істерге, қолдау мен достыққа ризашылық білдірудің тамаша мүмкіндігі болды. Мақсаты: тарихи есте сақтаудың маңыздылығын, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуді, мейірімділік, өзара көмек пен сыйластық құндылықтарын дәріптеуді, патриотизм мен азаматтық бірлікті нығайтуды еске салу.
Жоғары сынып оқушылары үшін кітапханада Қазақстандағы Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Кітапханашы Д. Р. Сағымбекова осы маңызды мерекенің құрылу тарихын, оның мәні мен мақсаттарын айтып берді. Балалар Алғыс айту күні 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылғанын және елімізде тұратын барлық халықтардың бірлігін, мейірімділігін, қайырымдылығын және өзара көмегін бейнелейтінін білді. Оқушылар бұл күннің барлық этностардың қазақ халқына қиын кезеңдерде қонақжайлылық пен қолдау көрсеткені үшін, алғысының символына айналғаны туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады. Шара барысында оқушылар достық, бірлік және алғыс туралы өлеңдер оқыды. «Құрт — асыл тас» бейнеролигінің көрсетіліміне ерекше назар аударды, онда қазақтың қонақжайлылығы мен қарапайым, бірақ маңызды символы туралы әсерлі әңгіме ашылды.
Кітапханашы Д.Р. Сағымбекова да «Құрт — асыл тас» қазақ халқының жылы, кең пейілділігі мен жан-жүрегінің білдіретінін атап өтіп, осы өлеңнің жасалу тарихын айтып берді. Талқылау барысында балалар қазіргі қоғамда тату көршілік пен өзара көмек дәстүрін сақтаудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шараға «Біз, Қазақстан халқы,ортақ тарихи тағдырмен біріккенбіз» атты кітап көрмесі дайындалды. Кездесу жылы, әрі достық жағдайда өтіп, оқушылардың жүрегінде өз елі мен бай тарихы үшін мақтаныш сезімін қалдырды.
28.02.2025
Қараулар: 215