Шал ақын ауданының орталық аудандық кітапханасы кітап пен оқуды насихаттау, жаңа басылымдар туралы ақпарат беру және оқырмандардың зияткерлік әрі мәдени дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
14 қазан «Оқитын ұлт» марафоны аясында Шал ақын ауданының орталық аудандық кітапханасында К. Салықов атындағы қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушыларына (сынып жетекшісі Г.Т. Макенова) арналған «Жаңа кітаптар - жаңа оқылым» атты ақпарат күні өткізілді.
Іс-шара оқуды насихаттауға, оқырмандарды кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттермен таныстыруға және жаңа кітаптарға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың назарын заманауи әдебиетке аудару, олардың ой-өрісін кеңейту және кітап оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Ақпарат күні аясында келушілер назарына «Жаңа кітаптар - жаңа мүмкіндіктер» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұсынылды. Көрмеге көркем әдебиет, заманауи авторлардың шығармалары, танымдық басылымдар және әртүрлі жас санатындағы оқырмандарға арналған кітаптар қойылды.
Аудандық кітапхананың библиографы К.Ж. Аманжолова оқушыларды жаңа басылымдармен таныстырып, ең қызықты кітаптардың мазмұны, авторлары мен әдеби жаңалықтар туралы әңгімеледі.
Оқырмандар ұсынылған әдебиеттермен танысып, өз қызығушылықтарына сәйкес кітаптар таңдап, қажетті ұсыныстар алды.
Кейін аудандық кітапхананың бағдарламашысы Е.В. Ротькин қатысушыларға кітапхананың электрондық ақпараттық ресурстарына шолу жасап, қажетті ақпаратты іздеу және жаңа білім алу үшін заманауи цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Оқушылар интернет пен электрондық ресурстардың ой-өрісті кеңейтуге, қызықты кітаптарды табуға және әдеби шығармалармен танысуға көмектесетінін білді.
Ақпарат күні оқушылардың оқырмандық ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқу мәдениетін насихаттауға және кітапхананың ақпарат, білім мен рухани даму орталығы ретіндегі маңызын арттыруға ықпал етті деп сенеміз.
14.10.2026
Қараулар: 1