Президент Жолдауы – ортақ іс-қимыл жоспары» азаматтық саға

28 қазанда Шал ақын ауданының Орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын және оны іске асыру міндеттерін талқылауға арналған «Президент Жолдауы – ортақ іс-қимыл жоспары» атты азаматтық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі ережелермен таныстыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру және елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңызын түсіндіру.
Іс-шараға Шал ақын ауданының Орталық кітапханасының қызметкерлері қатысты. Жүргізуші, кітапханашы С.Е. Айтимбетова әріптестерін Президент айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен, елдің жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттерімен, экономика, өңірлерді дамыту және әлеуметтік мәселелер саласындағы басымдықтармен таныстырды. Кітапханашылар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында Қазақстанды одан әрі дамытудың негізгі бағыттары мен ел алдында тұрған міндеттерге, атап айтқанда, экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында қызметкерлер мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы кітапханалардың рөлі, кәсіби қызметке жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығы және біліктілікті үнемі арттырып отыру қажеттілігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Азаматтық сағатты қорытындылай келе, қатысушылар елдің табысты дамуы мемлекеттік шешімдерге ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне, бастамашылдығына және адал еңбегіне де байланысты деген қорытындыға келді.

28.10.2026

Қараулар: 6