25 қыркүйекте Шал ақын ауданының орталық аудандық кітапханасының құқықтық ақпарат орталығында Шал ақын ауданы прокуратурасының аға прокуроры Сания Серікқызы Әбілмажіновамен кездесу өтті. Іс-шара барысында Сания Серікқызы прокуратура қызметінің құрылымы мен бағыттары, сондай-ақ қазіргі жағдайда прокуратура органдарының алдында тұрған негізгі міндеттер туралы айтып берді. Заңдылықты сақтау, халықтың құқықтық сауаттылығы және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өмірдің түрлі салаларындағы құқықтық аспектілерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кездесу ашық және сындарлы форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Мұндай іс-шаралар халық арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
25.09.2025
Қараулар: 35