«Мектепке жол» акциясы

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы жүргізіледі. Аудандық кітапхана оқырмандарының арасында аз қамтамасыздандырылған және көп балалы отбасылар баршылық. Әлеуметтік желі арқылы кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына «Жылы сөзбен, жағымды іске» онлайн үндеу тастау арқылы «Басқаларға көмектесу арқылы өзімізге көмектесеміз» атты қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды. 18-20 тамыз күндері аудандық және балалар кітапханасы аз қамтамасыздандырылған және көп балалы отбасыларға көмектесу үшін аяқ-киім, мектеп құрал-жабдықтарын жинау мақсатында «Басқаларға көмектесу арқылы өзімізге көмектесеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның ұраны «Жақсылық жасау — жақсы іс». Акцияның мақсаты — халықтың аз қамтылған отбасылардың мәселелеріне назар аудару, оларға нақты, мақсатты көмек көрсету, қоғамдық бастамалар мен еріктілер қозғалысының мәселелері бойынша тарту.Қала тұрғындары, аяқ киім, мектеп құрал-жабдықтарын әкелді. Жиналған барлық заттар мұқтаж отбасыларға таратылды.

20.08.2021

Қараулар: 216