10 қазан күні мейірімділік пен қайырымдылық айлығы аясында аудандық кітапхана қызметкерлері тарихи-өлкетану мұражайында "Ерекше адамдар-қарапайым өмір" диалог-сұхбатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: адам құқықтарының сақталуымен және мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне қатысуымен таныстыру. Іс-шараға қала тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды. Жүргізуші Ж. Н. Әубәкірова қатысушыларға Халықаралық мүгедектер күні барлығына қолдау мен көмекке мұқтаж, бірақ сонымен бірге кәсіби шеберлікте, бейнелеу, көркемөнерпаздық шығармашылығында, спортта дарындылық танытатын батыл, рухы мықты адамдар туралы еске салатынын айтты.
Қонақтар алдында әлеуметтік қорғау маманы Б. А. Мырзахметова сөз сөйледі. Ол қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды мемлекеттік қолдау шарттарымен таныстырды. Шақырылған қонақтар өздері туралы, жетістіктері туралы айтып берді. Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы жақсылық пен мейірімділік туралы бейнероликтер көрсетілді. Күз туралы монолог, музыкалық композициялар тыңдалды. Іс-шараға "Жақсылық жолымен жүреміз"атты кітап көрмесі дайындалды
Қорытындылай келе, жүргізушілер бұл күн біздің қоғамға өте қажет екенін атап өтті және мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына назар аудару үшін, сондай-ақ рухтың ерекше күшіне, табандылыққа, мүгедектердің қиын жағдайда табысқа жету қабілетіне таңдану үшін. Аудандық кітапхана директоры Б. С. Сакенова қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті. Іс-шара шай ішумен аяқталды.
Іс-шара қоғамның көзқарасын мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертеді, олардың өмірге барлық салаларына толыққанды қатысуына кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.