18 қараша күні Шал ақын аудандық кітапханасында «Өзіңмен және әлеммен байланыс» атты әңгіме өткізілді. Әңгімені Шал ақын аудандық Орталық ауруханасының АИТВ бойынша жауапты мейірбикесі Әбілева Қарлығаш Сұлтанғазықызы өткізді. Ол АИТВ-инфекциясының анықтамасын, инфекцияның негізгі тәсілдері туралы және осы өлім инфекциясы, АИТВ індетін жұқтыру, АҚТҚ-жұқпасының алдын-алу, АИТВ індеті бойынша инфекциясы туралы айтып берді. Іс-шара барысында «ЖИТС - Өмірге қауіп» слайд тұсаукесері ұйымдастырылды. Кітапханашы Әміржанова М.С. әңгімені толықтырып, «АИТВ: өмір сүру үшін білу» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
18.11.2021
Қараулар: 228