5 қыркүйек күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық кітапханада А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай "Ұлттың рухани көшбасшысы" атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Іс-шараға қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Іс – шара барысында қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы, қазақ жазуының негізін қалаушы, ақын, жазушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау туралы айтылды. Кітапханашы М. С. Әміржанова қайраткердің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оқушылардың орындауында өлеңдер оқылды. Барлық іс-шара ақынның өмірінен бейнероликтермен және слайдтық презентациямен сүйемелденді. "Ахмет мұрасы-алтын қазына"атты кітап көрмесі мен әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.
05.09.2022
Қараулар: 195