Ар мен намыстың адамы

Аудандық кітапханада Ж.Қ.Қизатовтың 100 жылдығына орай «Ар мен намыстың адамы» атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы М.С.Әміржанова Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатовтың өмірбаянымен таныстырып өтті. «Хабар» телеарнасынан «Батырлар елі. Жәлел Қизатов» фильмі көрсетілді. Кеш барысында Қ.Мұқановтың «Ел ардақтылары» кітабынан үзінді оқылып, слайдтан Жәлел Қизатовтың суреттері көрсетілді.

12.10.2020

Қараулар: 331