Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 12 шілдеде "Аю - Тас" сауықтыру лагерінің балалары үшін "Жаңа кітаптар күні"өткізілді. Кітап көрмесінде "Бәрі сіз үшін жаңа!"қазақстандық, ресейлік және шетелдік жазушылардың кітаптары орналастырылды. Оқырмандардың назарына ғылыми-танымадық және көркем әдебиет ұсынылды. Ақпарат күні аясында әркім жаңа әдебиеттермен таныса алды және библиограф аудандық кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды алуға кеңес берді. Кітапханалық кездесу барысында библиограф К. Ж. Аманжолова оқырмандар үшін әдебиеттерге шолулар мен жаңа кітаптар бойынша әңгімелер өткізді. Ақпарат күні балаларға көптеген әсер қалдырды, бос уақытты тиімді өткізуге, әңгімелесуге, пікір алмасуға мүмкіндік берді.
17.07.2024
Қараулар: 282