Шал ақын ауданының орталық аудандық кітапханасындағы Құқықтық ақпарат орталығында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 19 қараша күні «Баршаға арналған құқық әлемі» жобасы шеңберінде «Құқық қорғаушылар» атты заңгер күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, заңгер мамандығымен таныстыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу және сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Заңгер күні аясында қатысушыларға Шал ақын ауданы әкімдігінің заң бөлімінің басшысы А. С. Дюсембаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Арман Серікұлы қатысушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздерімен таныстырып, заңгер мамандығының маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды және қандай жағдайларда заң көмегіне жүгіну қажеттігін білді.
19.11.2026
Қараулар: 10