«Жолдау - жаңа стратегиялық құжат» эдвайзер сағаты

5 қазан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Халыққа Жолдауын талқылауға арналған «Жолдау - жаңа стратегиялық құжат» тақырыбында эдвайзер сағаты өткізілді. Іс-шараға қала және ауыл мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Эдвайзер- кеңесші рөлінде кітапханашы Б.М.Галиева Президент Жолдауының негізгі бағыттарына шолу жасады. Іс-шараға қатысушылар Жолдау туралы өз пікірлерімен бөлісіп, бұл үндеу еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына жаңа серпін беретініне, демек әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатының өсуіне де сөзсіз әсер ететініне сенім білдірді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның жарқын болашағы жолында да Президент Жолдауын қолдауға ниет білдірді.

05.10.2021

Қараулар: 266