«Ұлы даланың астанасы» слайд-шоу экскурс

3 шілде Астана күніне орай балалар кітапханасы "Ұлы даланың астанасы"слайд-шоу экскурс өткізді. Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, өз елінің тарихы туралы білім тарату, елордамыздың өткені мен бүгіні туралы ақпараттандыру. Кітапханашы слайд-презентация арқылы өз оқырмандарына елордамыздың өткені мен бүгіні, еліміздің басты қаласының тәуелсіздігінің символы ретіндегі мәртебесі туралы айтып берді. Балалардың назарына кітаптардан "фотогалерея" ұсынылды, барлығын " Астана в графике и живописи», «Архитектура Астаны» альбом-кітабын көруге шақырды, балалар жаңа ғимараттарды тамашалады, "Астана жүрегім менің" фотоальбомының беттерінде елорданың басты көрікті жерлері-Бәйтерек, "Думан" ойын-сауық орталығын, бейбітшілік және келісім сарайын, "Мәңгілік ел" монументі және басқаларын көруге болады. Кітапханашы өз әңгімесінде әлемнің үздік сәулетшілері жасаған қайталанбас келбетімен Қазақстанның қазіргі астанасына үлкен көңіл бөлді. Іс-шара барысында балалар елорда рәмізі Бәйтерек туралы қызықты аңызды білді, "Бәйтерек"ойынын өткізді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар "Бәйтерек"саябағына экскурсия жасады.

03.07.2023

Қараулар: 462