«Еңбек заңмен реттеледі және қорғалады» құқықтық сауаттылық сағаты

17 сәуір күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Шал ақын ауданының   аудандық кітапханасының құқықтық ақпарат орталығында «Құқық әлемі барлығы үшін» жобасы аясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ж. К. Калидарованың қатысуымен әр түрлі жастағы оқырмандар үшін «Еңбек заңмен реттеледі және қорғалады» құқықтық сауаттылық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтарда өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету.

Іс-шара барысында Ж.К. Калидарова қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі ережелері, еңбек шартын жасасу тәртібі, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ азаматтардың кепілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы айтып берді.

Жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу, кәсіптік оқыту және қайта даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар қай жастан бастап ресми жұмысқа орналасуға рұқсат етілгені, жұмыс уақытының қандай нормалары бар екендігі, сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы пайдалы ақпарат алды.

Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, маманның толық жауаптарын алды. Кездесу соңында библиограф К. Ж. Аманжолова еңбек құқығы мен халықты әлеуметтік қорғауға арналған «Сіздің еңбек құқықтарыңыз» атты тақырыптық кітап көрмесін ұсынды, сондай-ақ ақпараттық жадынамалар таратты.

 

17.04.2026

Қараулар: 10