«Президент Жолдауы - елдің игілігіне» ақпараттық сағат

2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады.ҚР Президентінің " Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам "атты Қазақстан халқына Жолдауын қарағаннан кейін Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында "Президент Жолдауы - елдің игілігіне" атты ақпараттық сағат өткізілді.

Талқылау барысында қатысушылар Қазақстан Президентінің жолдауы аясында еліміздің одан әрі дамуына қатысты және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда кітапхана қандай рөл атқара алатындығы туралы өз көзқарастарымен және ойларымен бөлісті. Іс – шараның нәтижесі - бұл Жолдауды, республика сүйенетін бағдарларды түсіну. Іс - шараға қатысушылар барлық трансформация нәтижесінде басты нәтижеге-қазақстандықтарды жайлы өмірмен қамтамасыз етуге әкеледі деген пікірге келді.

01.09.2022

Қараулар: 384