«Сыбайлас жемқорлық-арождан тапшылығы» ашық әңгіме сағаты

20 қазанда аудандық кітапханада "Сыбайлас жемқорлық-ар-ождан тапшылығы" атты ашық әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға аудандық мұрағат қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара "Парасат жолы"орталығы бұрышының жанында өткізілді. Жүргізуші кітапханашы М. С. Әміржанова қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихымен, оның барлық ғасырларда болғандығымен таныстырды. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне басты назар аударды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып "Сыбайлас жемқорлық туралы" Заң қабылдады, ал қылмыстық және әкімшілік кодекстерде жеке тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы баптар бөлінді. Кітапханашы қатысушылармен бірге сыбайлас жемқорлықтың нысандарын, түрлерін талдады. Жүргізуші жағдайды ұсынды, ал қатысушылардың міндеті сыбайлас жемқорлықтың түрін анықтау болды. Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлық туралы не білу қажет ақпаратымен "Сыбайлас жемқорлықты тоқтату" буклеттері таратылды.

20.10.2022

Қараулар: 446