Биыл М. Әуезовтің туғанына 125 жыл толады. 26 қыркүйек күні аудандық кітапханада "Дарын даналығы"атты әдеби панорама өтті. Іс-шараға қазақ орта мектебінің кітапханашысы мен оқушылары қатысты. Іс-шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы М.С. Әміржанова өткізді, әдеби панорама бағдарламасына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат, жазушы өмірінің белгісіз беттері, Мұхтар Әуезов ескерткіші туралы мәліметтер және әдеби викторина енгізілді. Соңында "Көркем ой шебері"кітап көрмесіне шолу жасалды.
26.09.2022
Қараулар: 260