«Мұратбековтың таза бұлақтары» әдеби шолу

14 қазан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына орай «Мұратбековтың таза бұлақтары» атты әдеби шолу өткізілді. Кітапханашы М.С.Әміржанова жазушының өмір мен шығармашылық жолымен таныстырып өтті. Әдеби шығармашылыған шолу жасай отырып, оның шығармаларының ауыл еңбеккерлерінің, қарапайым ауыл балаларының күнделікті тыныс-тіршілігі мен оған деген сүйіспеншілігін ерекше әңгімелеп берді. Оның шығармаларын оқи отырып, адам жылулық пен күш қуат алады. Іс-шараға «Қазақ әңгімесінің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

14.10.2021

Қараулар: 211