2 қыркүйек күні аудандық кітапхана қызметкерлері "Аю - тас" сауықтыру лагерінде демалып жатқан зейнеткерлер үшін "Дүкенбайдың өрнекті буыны"атты әдеби вариация өткізді. Іс - шара Д.Досжанның туғанына 80 жыл толуына арналды. Іс-шараның жүргізушісі кітапханашы М.С. Әміржанова қатысушыларды ең көп оқылатын және ерекше заманауи жазушылардың бірі, М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың , ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Д. Досжанның өмірбаянымен таныстырды.Жүргізуші оның төрт ондаған өткір проблемалық, көркем әсерлі кітаптар шығарғанын, оның шығармалары әлемнің 18 тіліне аударылғанын, кітаптарының жалпы таралымы 2 миллионнан асқанын айтты. Д. Досжанның шығармашылығына сипаттама бере отырып, Мүслима Сайлаубекқызы оның шығармалары - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы адамдар туралы, біздің тарихымыз туралы, даңқты, қайғылықты, алыс және жақын әңгімелер екенін атап өтті.Іс-шара соңында кітапханашы "Оның бейімділігі – әдебиет", "Көркем сөздің кестегері"атты кітап көрмесіне шолу жасады.
02.09.2022
Қараулар: 201