9 қыркүйекте аудандық кітапханада Е.Л. Қонарбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай "Туған жерге берілген талант" атты әдеби бұрышы өтті. Іс-шараға жазушының туыстары, әріптестері мен достары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара Ә. Әбдірахмановтың орындауындағы музыкалық шашумен ашылды. Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары А.Е. Дүйсенбинов жиналғандарға кіріспе сөз сөйледі. Іс-шараның жүргізушілері Т. В. Фогель мен Д. Р. Сағымбекова Е. Л. Қонарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Құрметті қонақтар ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. С. Оразалин , Журналистер Одағының мүшесі Қ.Ж. Шаниев, жазушы С. Қ. Ғабдулин, әріптесі А.Б.Ғаббасова, Ыбыраев ауылының ақсақалы Қайролла Қажы Ермек Лямалиұлы туралы естеліктерімен бөлісті. Ермек Лямалиұлының туыстары әкесі мен ағасы туралы әсерлі әңгімеледі.
Қонарбаевтың отбасы ұсынған "Естелік беттерін аша отыра" бейне презентациясы жазушының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың фотоқұжаттарымен таныстырды. Е.А.Бөкетов атындағы гимназия мектебінің оқушысы Д. Құсайынованың орындауында Е.Л. Қонарбаевқа арналған оның авторлық өлеңі шырқалды.
Іс-шараға Е.Л. Қонарбаевтың шығармалар жинағы, жазушы туралы түрлі басылымдардың жарияланымдары, Ермек Лямалиұлына тиесілі мұрағаттық құжаттары бар "Жазушы және уақыт" кітап көрмесі дайындалды.
Іс-шараға келген қонақтар талантты адам туралы білуге, жазушының әдеби әлеміне енуге, араласуға мүмкіндік алды.
09.09.2023
Қараулар: 812