«Жастар, заңды қолдана біл» ақпараттық тоғыспалы

Өскелең ұрпақтың бойында мемлекет заңдарына құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығын пайдалана білуге тәрбиелеу мақсатында Шал ақын аудандық кітапхананың библиографы Аманжолова Қ.Ж. 25 шілдеде «Жастар, заңды қолдана біл» атты ақпараттық тоғыспалы іс-шара өткізді. Бұл шараға «Аю-Тас» сауықтыру лагерінде демалып жатқан жасөспірімдер қатысты. Библиограф балаларды Қазақстан Республикасының жастардың құқықтарына жауап беретін және олардың құқықтарын қорғайтын негізгі заңдарымен таныстырды, олардың өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтары, кез келген заңсыз әрекеттер үшін міндеттері мен жауапкершілігі туралы көп мағлұмат алды. Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық мемлекетте, тіпті баланың да жеке тұлғаның азаматтық және адамгершілік қалыптасуына ықпал ететін өз құқықтары мен міндеттері бар деген қорытындыға келді.
 

25.07.2024

Қараулар: 248