Музыкалық қобдиша «Ағаштардың көлеңкесінде домбыра естіледі» Шал ақын аудандық кітапханасы

1 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында кітапхана жанындағы саябақта музыкалық қобдиша түрінде «Ағаштардың көлеңкесінде домбыра естіледі» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында саябақтағы демалушылар «Өркен» өнер мектебінің домбыра оркестрінің қатысушылары Илюсизов Тимур мен Амангелді Алмагүл және ақын Ғабдуллин Самат Қойшыбайұлының орындауындағы белгілі қазақ композиторларының музыкалық композициялары мен домбыра күйлерін тыңдай алды. Олар қазақ халқының сүйікті күйлері мен заманауи композиторлардың музыкалық попурриін асқан шеберлікпен орындады.

01.07.2021

Қараулар: 226