«Екі ішекте халықтың жаны» музыкалық кездесуін

1 шілде күні аудандық кітапхана қызметкерлері «Аютас» сауықтыру лагерінде Ұлттық домбыра күніне арналған « Екі ішекте халықтың жаны» атты музыкалық кездесуін өткізді. Кітапханашы Әміржанова М.С. қатысушыларды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, 2018 жылдың 13 маусымынан ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау төңірегінде жыл сайын шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күнін ел болып атап өтетіндігі туралы және домбыраның тарихы туралы әңгімелеп берді.Қазақтың ұлы күйшілері:Құрманғазы, Дина,Тәттімбет, Сүгірдің өмірбаяндары мен күйлеріне тоқтала кетті. «Даналық әліппе» кітабынан инновациялық сөйлейтін қаламмен Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдатқызып, Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан үзінділер оқылды. Домбыраның сүйемелдеуімен Есенова Н.А. «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, «Ерке сылқым» күйін ойнап берді. Қошанов Әрсен мен Төлебайұлы Райымбек «Әсем қоңыр», «Балбырауын» күйлерін шертті.Атаулы іс-шараға орай «Домбыра-асыл мұра» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.

01.07.2022

Қараулар: 193