9 қарашада аудандық кітапханада "Өзіңе сен" атты ашық микрофон іс-шарасы өтті. Іс-шараға қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараны кітапханашы М.С. Әміржанова өткізді, қатысушылар импровизацияланған микрофонда өзіне деген сенімділік деген не, адамның өмір алдына қойған міндеттерді шешу мүмкіндіктері туралы айтты.
Іс-шараға "Сен тұлғасың, Сен мықтысың!» көрмесі дайындалды. Көрменің дәйексөзі Абай Құнанбаевтың сөздері болды. Жоғары сынып оқушылары кітапханашымен бірге қорытындыға келді: адамның өзіне деген көзқарасы қандай болса,көбінесе оның жеке басының мәніне, оның даралығына байланысты.
09.11.2022
Қараулар: 266