«Сенің бос уақытың» ойлар қиылысы

9 қараша күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында «Сенің бос уақытың» атты ойлар қиылысы өткізілді. Іс-шараға аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Әміржанова М.С. іс-шараны әр адамның өмірінде қуаныш, әсер алатын өзінің айналысатын қызығушылығы бар хоббиі, жаттығуы болатыны туралы айтып өтті. Кітапханашы қатысушыларға бос уақыттарында немен айналысатындары туралы өз пікірлерімен бөлісуге ұсыныс тастады. Балалар спортпен, сурет салумен, интернеттен қызықты ойындар ойнайтындары туралы айтты. «Хоббиді тап» атты ойын барысында оқылған сөйлемнен қандай хобби туралы айтып жатқаны туралы жауап берді. Іс-шараға «Сенің бос уақытың» атты кітап көрмесі дайындалды.

09.11.2021

Қараулар: 230