14 қазанда Шал ақын ауданының аудандық кітапханасының Құқықтық ақпарат орталығында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық санасын қалыптастыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған «Жасөспірім және заң» атты құқықтық бағдар іс-шарасы өтті. Іс-шараның спикері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, Шал ақын полициясының майоры Ж.Ж. Енсенгенова болды.
Ол кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі туралы айтып берді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жібек Жұмабекқызы жасөспірімдерге заңнаманың ерекшеліктерін түсіндіріп, құқық бұзушылық түрлері мен заңға қайшы әрекеттердің ықтимал салдары туралы мәлімет берді. Ол заң талаптарын сақтаудың, айналадағы адамдарға құрметпен қараудың және түрлі өмірлік жағдайларда саналы таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті. Полиция бөлімінің инспекторы жасөспірімдермен буллинг және кибербуллинг тақырыбында әңгіме өткізді. Ол олардың себептері мен салдары, қорлау жағдайларын анықтау және оған қарсы тұру жолдары туралы айтып берді.
Бір — біріне құрметпен қарауға, интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қажет болған жағдайда ересектерден дер кезінде көмек сұрауға ерекше назар аударылды. Библиограф К.Ж. Аманжолова «Құқықтар, міндеттер, жауапкершілік» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қатысушыларды құқықтық тақырыптағы әдебиеттермен таныстырды. Сонымен қатар құқықтық білімнің әр адамның өміріндегі маңызы туралы айтып, құқық мәселелерін тереңірек түсінуге көмектесетін кітаптар мен ақпараттық материалдарды ұсынды. Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтіп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінді.
Заңды білу жасөспірімдерге өз құқықтарын қорғауға, міндеттерін орындауға және ойланбай жасалған әрекеттерден аулақ болуға көмектеседі. «Баршаға арналған құқық әлемі» жобасы аясында өткізілген іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
14.10.2026
Қараулар: 4