5 қыркүйек күні аудандық кітапханада ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан халқына Жолдауына арналған "Басымдылықтар анықталды,іс-әрекет ету мен құру уақыты" саяси шолу өтті. Іс-шараға қала және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты. Іс-шараның басында жүргізуші И.Я.Портнягина стратегиялық құжаттың тарихи маңыздылығын атап өтті, ҚР Президенті Жолдауының жаһандық міндеттеріне, аталған құжаттың негізгі ережелеріне, ұзақ мерзімді мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдарына толығырақ тоқталды. И.Я. Портнягина Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына кезекті жолдауы халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, тәуелсіз мемлекеттің гүлденуі мен дамуына бағытталғанын атап өтті. Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, іс-шараның барлық қатысушылары Президенттің Жолдауы уақыттың барлық талаптарына және қоғамның үміттеріне сәйкес келеді деген бір пікірде болды. Сондай-ақ, бұл құжат Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың жүйелілігі мен дәйектілігін көрсететіні атап өтілді.
05.09.2022
Қараулар: 172