Ғалым, агроном, С.С. Сәдуақасовтың 75 жылдығына орай 23 қыркүйек күні аудандық кітапханада "Ғалым тарих аясында"атты портрет – танысу өтті. Іс-шараға Жалтыр негізгі мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашы М.С. Әміржанова қатысушыларды С. С. Сәдуақасовтың өмірбаянымен таныстырып, Серік Сәдуақасұлының ауданымызда, Жаңаталап ауылында дүниеге келгеніне назар аударды. Оның әңгімесінде С.С. Сәдуақасовтың 50-ден астам ғылыми еңбегі жарияланғаны және оның 5 авторлық куәлігі бар екендігі туралы мәліметтер бар. Іс-шараға қатысушылар Серік Сәдуақасұлы жоңышқа, бетеге және жусанның құнды сорттарын өсірудің негізгі авторларының бірі болып табылатындығы туралы білді.
23.09.2022
Қараулар: 199