«Парасыз жолмен» құқықтық навигаторы

2026 жылғы 16 шілдеде аудандық орталық кітапханада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған «Парасыз жолмен» құқықтық навигаторы өтті.

Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара жүргізушісі, кітапханашы С.Е. Айтымбетова қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы баяндады. Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары мен адалдық, заңдылық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңызын көрсететін тақырыптық бейнеролик ұсынылды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Заң мен кітап – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты кітап көрмесі тудырды. Көрмеде заң және құжаттық басылымдар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған материалдар, сондай-ақ парақорлық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және адамның адамгершілік таңдауы тақырыптарын қозғайтын көркем әдебиеттер ұсынылды.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен оның қоғамға және әрбір азаматқа тигізетін зардаптарын талқылады. Жастарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұсынымдар және заң бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болатын сенім телефоны көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

 

16.07.2026

Қараулар: 64