«Линия жизни» кітабының тұсаукесері

21 қазан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы, Солтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Линия жизни» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітап Шал ақын ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Евгений Иванович Викторовқа арналды. Шақырылған қонақтарымыздың арасында Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оспанов Ж.Т., еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары болды. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Чепухин В.И. қатысты. Қонақтарды «Шал ақын ауданының ОКЖ» КММ директоры Байтукина Қ.Ш. жылы сөзімен қарсы алды. Чепухин В.И. кітап жазу идеясының пайда болуы туралы, материал жинаудан туындаған қиындықтар туралы, сондай-ақ басылымға көмектескен адамдар туралы әңгімелеп берді. Іс-шара қонақтары Оразалин Т.С., Найманов Х.А., Веряскин Я.Е., Тепляков А.М., Петрова В.М., Дедова М.И., Габдуллин С.К. Паршина Т.А. Е.И. Викторовпен бірге жұмыс атқарған жылдарды естеріне түсірді. Чепухин В.И. аудандық кітапханаға «На повороте времени» кітабын сыйға тартты.

21.10.2021

Қараулар: 235