Аудандық кітапханада тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жұмыстары аясында «Адал болу!» профилактикалық сұхбат жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар — кітапхана оқырмандары «парақорлық», «сыбайлас жемқорлық» сияқты ұғымдармен танысты.
Кітапханашы М. С. Әміржанова сыбайлас жемқорлық елдің экономикалық дамуына кедергі келтіретінін және кез келген өзгерістерге қауіп төндіретінін айтып, «пара алғаны» және «пара бергені» үшін қылмыстық жауапкершілікті еске салды. Жүргізуші туындаған мәселелер мен проблемаларды шешу кезінде іс-шараға қатысушылар заңды айналып өтпей, кез келген жағдайда дұрыс шешім табады деген үмітін білдірді. Кітапханашы барлығына өз және басқа адамдардың алдында өмір бойы адал болуды тіледі.
19.07.2021
Қараулар: 198