«Балалар саудасы және кәмелетке толмағандарды қорғау» тақырыбында профилактикалық

25 шілдеде «Аю тас» сауықтыру лагерінде Шал ақын ауданының балалар кітапханасы «Балалар саудасы және кәмелетке толмағандарды қорғау» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты қатысушылардың бала саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, кәмелетке толмағандарды қорғау тәсілдері туралы хабардар ету және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Кітапханашы тақырыптың маңыздылығы мен әңгіменің мақсатын түсіндірді. Қылмысқа күдік туындаған кезде жасалуы керек әрекеттер талқыланды. Бала саудасын көрсететін белгілер мен сигналдар қарастырылды. «Бала саудасына күдік туындаған кезде қалай әрекет ету керек?» балалар түрлі іс-қимыл нұсқаларын белсенді талқылады. Қатысушылар бұл туралы ересектерге (ата-аналарға, мұғалімдерге, полицияға) хабарлауды, сенім телефонына қоңырау шалуды және бей-жай қалмауды ұсынды. Өткізілген әңгіме балалар үшін өте пайдалы ақпарат болды.

 

25.07.2024

Қараулар: 256