«Тұлға. Шығармашылық. Өмір» портрет штрихі

Биылғы жылы өткен ғасырдың поэтикалық аспанындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі, көрнекті ақын Ахметжан Нұртазиннің туғанына 115 жыл толады. Біздің жерлесіміз Ахметжан Нұртазиннің шығармашылығымен аудандық кітапхана қызметкерлері "Тұлға. Шығармашылық. Өмір" портрет штрихі іс-шарасы барысында К.Салықов атындағы қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларын таныстырды.

Жүргізуші М.С. Әміржанова жерлес жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. "Туған өлкенің ақыны" слайд-презентациясы ақын өміріндегі ең маңызды оқиғалардың фотоқұжаттарымен таныстырды. "Туған өлке", "Есіл", "Сергеевка" өлеңдерін оқудың арқасында қатысушылар ақынның туған өлкесін қаншалықты жақсы көретінін сезінді.

02.06.2023

Қараулар: 396