«Халық өмірінің танушысы» атты саунд оқулары

10 желтоқсан күні аудандық кітапханада Н.А.Некрасовтың 200 жылдығына орай «Халық өмірінің танушысы» атты саунд оқулары өткізілді. Іс-шараны жүргізуші Галиева Б.М. Некрасовтың поэтикалық әлеміне көз жүгіртіп, оның шығармашылығымен таныстырды. Іс-шара барысында қатысушылар классик жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, классиктің шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай- ақ, Петр Ильич Чайковскийдің, Александр Порфирьевич Бородиннің, Иван Хандошкиннің «Вниз по матушке по Волге», Максим Березовскийдің «Соната для скрипки и клавесина» музыкалық шығармаларын тыңдады. Іс-шараға «Я лиру посвятил народу своему» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар Есембаева Айгерим, Қазбекова Зарина шығармалардан үзінділер оқыды.

 

14.12.2021

Қараулар: 252