14 қараша аудандық кітапханада "Латын әліпбиі – уақыт талабы"атты білім сатысы іс-шарасы өтті. Іс-шараға К.Салықов атындағы қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты, отансүйгіштік, еңбекқорлық, өз елінің болашағына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту. Іс — шара барысында кітапханашы С.М. Елиясова Қазақстанның латын әліпбиін қабылдауы еліміздің реформалық бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі екенін, латын әліпбиінде мемлекеттік тіл латын әліпбиінде жазатын шет елдердің азаматтары үшін қызығушылықты қанағаттандыруды қамтамасыз ететінін айтты. Жүргізуші бұл жағдайда қазақ тілі оқуға қолжетімді болатынын, ал ел халықаралық бизнес пен туризмді дамыту тұрғысынан тартымды болатынын атап өтті. Кітапханашы қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшуінің артықшылықтарын көрсететін және түсіндіретін, болашақ ұрпаққа қарым – қатынас шеңберін кеңейтуге, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, халықаралық тілдерді үйренуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін әдебиеттер ұсынылған "Латын графикасына көшу-заман талабы" атты кітап көрмесіне шолу жасады.
14.11.2023
Қараулар: 418